Минералды тыңайтқыштарды сараланған деңгейде енгізуге арналған жалпақ тілгіш терең қопсытқыш-тыңайтқыш жұмысының эксперименттік зерттеулерінің нәтижелері

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-3-2-204-213
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Топырақты қопсыту және минералды тыңайтқыштарды сараланған деңгейде енгізу процесін орындау үшін жалпақ тілгіш терең қопсытқыш-тыңайтқыштың физикалық моделі әзірленді және жасалды. Эксперименттік жұмыс органының тарту күшін анықтау бойынша эксперименттік зерттеулер топырақ каналында зертханалық жағдайда жүргізілді. Алынған мәліметтер талданып, математикалық статистика әдісімен өңделді, тартылыс күшінің өзгеруі графигі жасалды және эксперименттік үлгінің көрсеткіштері сериялықтың көрсеткіштерімен салыстырылды. Тәжірибелер басталғанға дейін топырақ каналында топырақ тереңдіктегі ылғалдылық бойынша дайындалды. Топырақтың ылғалдылығын анықтау үшін американдық құрылғы Т-350 Aquaterr қолданылды. Топырақтың тығыздығын анықтау үшін Wile маркалы финдік тығыздық өлшегіш (ASAE S313.3 стандарты) қолданылды. Эксперименттік зерттеулердің нәтижелері бойынша әзірленген және сериялық жұмыс органдарының тартылыс күштері алынды. Осылайша, топыраққа минералды тыңайтқыштарды сараланған деңгейде енгізу үшін эксперименттік жалпақ тілгіш-терең қопсытқыш-тыңайтқыштың қозғалыс процесін зерттей отырып, тарту күшінің оның қозғалу жылдамдығына аналитикалық тәуелділігі алынды. Теңдеуді талдау зерттелетін топырақ өңдеу жұмыс органының тарту күшінің қозғалыс жылдамдығына квадраттық тәуелділігін көрсетеді. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау теориялық зерттеулер мен эксперименттік мәліметтердің нәтижелері жақын екенін көрсетті. Бұл зерттеу бағытының дұрыстығын көрсетеді.