НЬЮКАСЛЬ АУРУЫМЕН АУЫРҒАН КҮРКЕ ТАУЫҚТЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-1-1-75-84
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада, Алматы қаласына іргелес орналасқан елді мекендердегі жекеменшік құс шаруашылықтарында Ньюкасльға шалдыққан құстарда дамыған патологиялық анатомиялық өзгерістері сипатталған. Шаруашылықтарда Ньюкаслмен алты айлық жасқа дейінгі күрке тауықтар ауырған. Құстарда аурудың клиникалық белгілері ұқсас болған, ауру жіті өтіп, аз уақыт ішінде жылдам тарап, өліммен аяқталған. Ауруды анықтау үшін құс өлекселерін Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы, сойып-зертттеу зертханасына әкелінді. Кафедраның секциондық залында 3-4 айлық жастағы 28 күркетауық өлекселері сойылып-зерттелді. Әрбір құс өлекселеріне арнайы хаттамалар толтырылып, суреттерге түсірілді. Гистологиялық зерттеуге етті және безді қарындар, аш және тоқ ішек, өкпе, жүрек, бауыр, көкбауырлардан кесекшелер алынды. Мүше кесекшелері 10% формалиннің судағы бейтарапталған ерітіндісінде бекітіліп, гистологиялық әдістермен өңделгеннен кейін, гематоксилин-эозинмен боялды. Зерттеу барысында осы ауруға тән негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер азық қорыту, тыныс алу және жүйке жүйелерінде анықталды. Өзгерістер ауыз қуысында сұйықтың мол жиналуы, жемсаудың атониясы және ондағы азықтың ашып бұзылуы, етті қарын кутикуласының оңай ажырауы, кілегейлі қабықта қанталаулардың орналасуы, безді қарында қанталаулар мен некроз ошақтарының түзілуі, он екі елі ішекте, соқыр ішекте фибинді қабыну, некроздар және фолликулярлы ойылымдардың тіркелуімен сипатталды. Сонымен қатар, тыныс жолдарында да зақымдану белгілері байқалды: мұрын қуысының кілегейлі қабығы қызарып, онда ұсақ қанталау ошақтары байқалды.