ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖОЛ ҚИЫЛЫСЫНДАҒЫ БАҒДАРШАМДАРДЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУДІ ТАЛДАУ

2023

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-2-2-328-342
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйесін әзірлеуді талдау жасалынып, заманауи қозғалысты басқару жүйелерінің ерекшеліктерін, қазіргі интеллектуалды жол қауіпсіздігінің жоғарлату жүйелерін анықтау, елді мекендерде және автомобиль жолдарында қозғалысты басқарудың интеллектуалды жүйелерін қарастырылды. Сонымен қатар, интеллектуалды көлік құралдарының ішкі және сыртқы жүйелерін, көлік жағдайын бақылау, бағдарлама платформасын таңдау, зияткерлік жүйесін әзірлеу алгоритмін жасау, жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйесінің әзірленген моделін жасау мәселелері қарастырылды. Мақалада салыстырмалы жұмыс жасау, сараптамалық бағалау, алгоритм теориясы, имитациялық модельдеу әдістері қолданылды. Қазақстан Республикасының кез келген қаласы үшін «Жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйесін» орнату оңтайлы, бұл жол қозғалысындағы көптеген мәселелерді шешеді. Бұл мақалада тек көліктерді барынша тиімді басқару ғана емес, сонымен бірге жолаушылар мен жүктерді барынша тиімді тасымалдау мәселелері және жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету аспектілері қарастырылды. Қазіргі таңдағы Орал қаласының жол қиылыстарына, жол қозғалысын бақылайтын датчиктерді немесе арнайы камераларды орната отырып, бір қатар мәселелерді шешуге болады. Мәселен жол қиылысында орын алған жол көлік оқиғалары туралы дер кезінде құзырлы органдарға ақпарат беру, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, жол қиылыстарындағы ауа-райының климаттық әсерлеріне байланысты болған кедергілер жайында дер кезінде ақпарат беріліп, уақытында мәселені шешуге көмектесетіні қарастырылған.