БӨДЕНЕЛЕРДІҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫНА «ВЕРМИКУЛИТ» АЗЫҚТЫҚ ҚОСПАСЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

2024

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2024-4-1-181-189
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада «Техас» тұқымдасына жататын бөденелердің негізгі рационына «Вермикулит» азықтық қоспасын қолданған кездегі тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері туралы ақпарат берілген. Азықтық қоспа ретінде М-150 маркалы, фракциясы 0,5-3,0 мм болатын отандық өндірістің өнімі-вермикулит пайдаланылды. Жұмыстың негізгі мақсатын азықтық қоспаның бөденелердің тірі салмағы мен орташа тәуліктік салмағына әсерін зерттеу құрады. Тәжірибелік зерттеулер Алматы облысында орналасқан бөдене шаруашылығы «Салем Qus» ЖШС жағдайында жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде әрқайсысында 35 бастан құралған кездейсоқ іріктеу әдісімен таңдалған бөденелердің үш зерттеу тобы құрылды. Бірінші топ бақылау тобын құрады, құстарға ешқандай толықтырусыз негізгі рацион берілді. Екінші топтың рационына 3% мөлшерде «Вермикулит» азықтық қоспасы қосылды, үшінші топтың рационына сәйкесінше 5% азықтық қоспа қосылды. Тәжірибелік зерттеу жұмысы 56 күнге созылды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша құстардың тірі салмағының күнделікті артқаны байқалды. «Вермикулит» азықтық қоспасын қолдану кезінде өсіру уақытының 21-ші күнінен бастап бөденелердің тірі салмағының едәуір артқаны анықталды. Зерттеудің барлық кезеңінде бақылау тобымен салыстырғанда азықтық қоспаны 3% мөлшерде қолданған екінші топтағы бөденелердің тірі салмағы орташа есеппен 3,4% - ға, ал үшінші топта 6% - ға өсті. Орташа тәуліктік салмақ көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда сәйкесінше орта есеппен 2,9% және 5,8% жоғары болды. Зерттеу жұмысы бойынша алынған талдаулар бөденелердің қоректік заттарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру құстардың өнімділігі мен құс өнімдерінің сапасын арттыруға ықпал ететіні туралы білімімізді арттырады. Алынған нәтижелер елімізде құс шаруашылығындағы азықтық қоспалар түрлерін одан әрі кеңейтуге ықпал ете алады.