ГОЛШТЕИН ТҰҚЫМДАС СИЫРЛАРДЫ МХ1, CXCR1 ГЕН ЛОКУСТАРЫ БОЙЫНША ГЕНОТИПТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОСЫ ГЕН АЛЛЕЛДЕРІНІҢ СИЫРЛАРДА ЖЕЛІНСАУҒА ТӨЗІМДІЛІКПЕН БАЙЛАНЫСЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2025-1-1-3-14
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада авторлар голштеин тұқымдас сиырларда MX1 g.143182088, CXCR1 c.+291C>T, CXCR1 +1093C>T ген локустары бойынша желінсауға төзімділікке байланысты ДНҚ үлгілерінің генотипін анықтау нәтижелері берілген. Сиырларда субклиникалық желінсау пайда болуы мүмкіндігі төмен MX1 c.567 T>C, CXCR1 c.+291C>T, CXCR1 +1093C>T ген локустарындағы генетикалық полиморфизмдер анықталған. Зерттеу тобындағы сиырларда келесі ген локустары бойынша генетикалық нұсқалардың таралуы: MX1 - TT -0,12, CT - 0,30, CC - 0,58, CXCR1 c.+291C>T - TT - 0,12, CT – 0,33, CC – 0,55, CXCR1 +1093C>T - TT – 0,47, CT – 0,51, CC – 0,02 болған. Екі ген локустары бойынша MX1 g.143182088 және CXCR1 +1093C>T, гендік тепе-теңдіктің бұзылу фактісі анықталған және соның нәтижесінде χ2 мәні сәйкесінше, 10,6261 және 9,7137-ге дейін жоғарылауы байқалады. ПТР-РФҰП талдау әдісін қолдана отырып, «Амиран» ЖШС голштеин тұқымының 40 бас сиырларында түрлі нұсқалы кешенді генотиптері анықталды және бақылау жүргізген жыл ішінде сиырларға желінсауға балау жұмыстары жүргізілді. MX1, 567 T>C, CXCR1 c.+291C >T, CXCR1 +1093C>T ген локустары кешенді CCCCCT генотипі бар сиырларда субклиникалық желінсаудың пайда болу мүмкіндігі жоғары болған, ол сиырларға тоқсан сайын балау жүргізілді. Сонымен, MX1 және CXCR1 ген локустар голштеин сиырлардағы субклиникалық желінсауға төзімділікке байланысты потенциалды ДНҚ маркерлері болып табылады.