ҚАШАҒАН КЕН ОРНЫНДА ОТЫН ГАЗЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЭСТАКАДАҒА ТАСЫМАЛДАУ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН ҚОНДЫРҒЫ СХЕМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2021-1-4-223-230
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Осы мақалада өнеркәсіптің барлық басқа салаларындағыдай, мұнай-химия өндірістерінің интенсификациясы түпкілікті өнім шығарудың ұлғаюымен сипатталатыны туралы айтылған. Өндірісті қарқындатуға химиялық реакциялар жылдамдықтарының, температуралардың, жүктемелердің, қысымның (технологиялық процесс параметрлерінің) өсуі есебінен де, сондай-ақ қағидатты жаңа технологияларды қолдану және технологиялық процестер барысына әсер ету есебінен де қол жеткізіледі. Қоршаған ортаны ластау мүмкіндігін болдырмау тұрғысынан өнім бірлігін алуға жұмыс уақытын азайту және өнім сапасын жақсарту кезінде материалдық және энергетикалық шығындарды азайту есебінен ұңғымалық өнімді күкіртсутектен тазарту процестерінің тиімділігін арттыру қажеттілігі өзекті болып табылады. Сондықтан құйынды құрылғылардың қолданылу аясын кеңейту және тиімділігін арттыру энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізудің және қоршаған ортаны зиянды өнеркәсіптік шығарындылардан қорғаудың өткір проблемаларының бірі болып табылады. Қайта жаңғыртылған сепараторларға жүргізілген өнеркәсіптік сынақтар сепараторға кіре берісте газдағы сұйықтық құрамы 6 г/нм3 дейін болған кезде одан шыға берісте тамшылап алып кету 15 мг/нм3 аспайтынын көрсетті. C-1 / VI аппараттарындағы газды сепарациялау тиімділігі 99% - дан астамды құрады. Жүргізілген сынақтар екі сатылы центрифугалық сепаратордың жоғары тиімділігін растады және есептеу нәтижелерімен жеткілікті конвергенцияны көрсетті. Орталықтан тепкіш, торлы және жалюзді газ сепараторларының үш түрін қолдануға қысқаша салыстырмалы техникалық - экономикалық талдау жүргізілді.