Аннотация
Мақалада Алматы облысы, Талғар ауданы, «Амиран Агро» ЖШС сүтті бағытта голштино-фриз тұқымды сиырлардың гинекологиялық патологияларына зерттеулер жүргізіліп, жасырын эндометрит ауруын ультрадыбыстық зерттеу арқылы мониторинг жасалып, қорытындысы келтірілген. Ірі қара малдар арасындағы көп кездесетін жасырын эндометрит ауруы, яғни жатыр эндометритінің беткейлі қабатының қабынуы. Ол айқын симптомдарсыз жүреді. Жергілікті ветеринария мамандары сиырларды ұрықтандырудың бірнеше рет сәтсіз әрекеттерінен кейін ғана, қауіпті аурулардың бірі болып табылатын жасырын эндометритке күдіктене бастайды. Сиырларда бұл аурудың әсерінен ұрықтандырудан кейін ешқандай белгілер болмаған жағдайда төл көтеру функциясы айтарлықтай төмендейді. Тіпті бедеулікке және мәжбүрлі жоюға әкеледі. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесінде тексерілген 778 бас сиырларда ұрықтандыру барысында жасырын эндометрит 60-70% жағдайда буаздыққа әкелмейтінін көрсетті. Ультрадыбыстық тексеру нәтижесі бойынша жатырдағы сұйықтықтық жасырын эндометрит болуы ықтимал. Дегенмен, жатырдағы сұйықтық белгілі бір физиологиялық жағдайларда, мысалы, эструс немесе туудан кейінгі ерте кезеңде пайда болуы мүмкін. Голштино-фриз тұқымды сиырлардың бедеулігінің негізгі себебі, ағзаның имундық қасиетінің төмендеуі. Осыған байланысты түрлі патологиялық аурулар туындайды. Солардың бірі, төлдеу және төлдеуден кейінгі кезең патологияларына шалдығатыны анықталды. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі бойынша, қарастырылып отырған жасырын эндометриттің қыста және көктемде өршіп, 5-7 жасар сиырлар арасында бұл көрсеткіштің жоғарылап, 9,1 % жететіні белгілі болды.