БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАҚСАТЫНДАҒЫ ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ

2021

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2021-1-4-111-118
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу мақсаты жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану мәселелерін қарастыру, Батыс Қазақстан облысы жерлерінің заманауи құрылымын, ауыл шаруашылығы жерлерінің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттарын көрсету. Жер ресурстарын пайдалануды талдау, ауылшаруашылық кәсіпорындарын есепке алу үшін жерге орналастыруда және басқа да байланысты ғылымдарда ұсынылған заманауи әдістер қолданылды. Бір-бірімен өзара байланысты күрделі мәселелерді зерттеу кезінде ғылыми зерттеулердің көптеген салаларында кеңінен қолданылатын жүйелік талдау қолданылды. Жұмыстың құндылығы-ауылшаруашылық жерлерінің жай-күйін зерттеу, оларды пайдалануды талдау, ауылшаруашылық дақылдарын, ең алдымен дәнді дақылдарды егу үшін жерді барынша игеруге деген ұмтылыс. Зерттеу көрсеткендей, осы аумақта ауылшаруашылық өндірісін ұтымды жүргізу үшін әкімшілік шекаралар шегінде жер пайдалану құрылымының рұқсат етілген экологиялық параметрлерін белгілеу қажет, бұл тұрақтылық пен өнімділікті, жалпы табиғи жүйелердің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттырудың маңызды резерві шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін әртараптандыру болып табылады, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, қосалқы өндірістерді ұйымдастыру, түрлі қызметтер көрсету, оның ішінде топырақты өңдеу, көлік, құрылыс, рента және басқа да жұмыстарды жүзеге асыру арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын кеңейту.