Religious Mechanisms in Emotion Regulation: Islamic Practices

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-150-1-142-155
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл зерттеуде эмоцияларды реттеудегі діни механизмдердің исламдық көзқарастағы орны мен маңыздылығы жан-жақты қарасты- рылады. Эмоцияларды басқару – адамның ішкі үйлесімділігі мен рухани жетілуінің негізгі құралы. Ислам ілімінде бұл үдеріс адамның жүрегін тыныштандыру, Аллаға сенім арту және өмірдің сынақтарына сабыр ету арқылы жүзеге асады. Құран Кәрімнің көптеген аяттарында адамның эмоцияларын реттеуде шүкіршілік, тәуекел, және сабыр сияқты құн- дылықтардың маңыздылығы ерекше аталып өтеді. Ислам ғалымдары, оның ішінде Имам Аль Ғаззали өз еңбектерінде на- маз, Құран оқу және дұға ету секілді ғибадаттардың эмоцияларды рет- теудегі рөлін түсіндіріп, бұл тәжірибелердің адамның ішкі жан дүниесіне әсер ететінін нақтылап көрсеткен. Сондай-ақ, Имам Матуриди «Та’уилат әл-Құран» еңбегінде сенімнің адамның рухани күші мен психологиялық тұрақтылығына тигізетін оң ықпалын талдаған. Бұл тәжірибелер адамның мазасыздық пен күйзеліс деңгейін төмендетіп, оның Аллаға жақындауына және өмірлік қиындықтарға төзімділік танытуына септігін тигізеді. Мақалада исламдық тәжірибелердің эмоцияларды реттеудегі рөлі жан- жақты талданып, олардың адамның рухани әлемі мен психологиялық жағдайын жақсартудағы орны айқындалады. Сонымен қатар, бұл меха- низмдердің қазіргі психологиялық теориялармен үйлесімділігі талқы- ланып, исламдық тәсілдердің заманауи эмоциялық қиындықтарды ше- шудегі маңыздылығы мен тиімділігіне назар аударылады. Бұл зерттеу эмоцияларды басқаруда исламның ұсынған жүйесінің әмбебап әрі қазіргі заманға бейімделген шешімдер ұсына алатынын дәлелдейді.