Аннотация
Бұл мақалада сөйлеу тілі жалпы дамымаған (СТЖД) III-деңгейдегі мектеп жасына дейінгі балалардың сандық түсініктерін анықтау мәселесі қарастырылады. Сандық түсініктер баланың танымдық дамуы мен математикалық ойлау қабілетінің негізін құрайды, алайда сөйлеу тілінің бұзылуы олардың меңгеру үдерісін қиындатады. Сөйлеу тілі дамымаған балалар көбінесе реттік санау, сандық қатынастарды түсіну және математикалық операцияларды орындауда қиындықтарға тап болады. Сондықтан, бұл зерттеу балалардың сандық түсініктерін бағалауға және дамытуға бағытталған. Зерттеудің мақсаты – сөйлеу тілі жалпы дамымаған III-деңгейдегі балалардың сандық түсініктерін анықтау және оларды жетілдірудің тиімді әдістерін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін зерттеуде теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды: арнайы педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге талдау, бақылау, эксперименттік зерттеу және алынған нәтижелерді сандық-сапалық өңдеу. Эксперименттік бөлімде Л.С. Метлина ұсынған әдістер қолданылып, балалардың реттік санау, жиынтықтарды салыстыру және белгілер бойынша топтастыру дағдылары зерттелді. Алынған нәтижелер сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларға арнайы түзету әдістерін қолдану қажеттілігін көрсетті. Сандық түсініктерді жетілдіру үшін көрнекі құралдарды, ойын әдістерін және практикалық тапсырмаларды қолдану ұсынылады.