Жаһандану мен жаңғыртудың Қазақстандағы этноконфессиялық және конфессияаралық қатынастарға әсері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254117
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақалада жаһандану мен жаңғырту үдерістерінің Қазақстандағы этноконфессиялық, этносаралық және конфессияаралық қатынастарға әсері қарастырылады. Этносаралық және конфессияаралық қатынастарда ғана ретке келтіруші функциясын орындай отырып, толеранттылық өзінің пәндік мазмұнына ие бола алады. Зерттеудің негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарындағы діни ахуалдың даму ерекшеліктерін, көпэтносты қоғамдағы толеранттылық мәдениетінің рөлін және оның тұрақтылыққа ықпалын анықтау. Авторлар Қазақстандағы діни ұйымдардың қалыптасуы мен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, көші-қон және урбанизацияның этникалық қарым-қатынастарға ықпалына терең талдау жасайды. Зерттеу сапалы контент-талдау, салыстырмалы және тарихи әдістер арқылы жүргізілді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – толеранттылық ұғымының этноконфессиялық кеңістіктегі мағынасын жаңаша қарастыру және оны қазақстандық контексте қолдану ерекшелігін ашу. Этноконфессиялық қатынастардағы толеранттылық мәдениеттің қалыптасуы біздің көпэтникалық және көпконфессиялық қазақстандық қоғамның өзекті теориялық және практикалқ мәселелеріне жатады. Негізгі нәтижелерге Қазақстанда соңғы 25 жылда конфессияаралық келісімнің қалыптасу жолдары, діни институттардың рөлі, миграциялық және урбанистік үдерістердің ықпалы жөніндегі тұжырымдар жатады. Аталған зерттеу этносаралық келісім, дінаралық диалог салаларындағы теориялық негізді толықтыра отырып, көпэтносты қоғамда тұрақтылықты сақтау үшін тиімді тәсілдерді ұсынады. Жұмыс нәтижелері ішкі саясат, қоғамдық келісім және мәдениетаралық коммуникация салаларында тәжірибелік мәнге ие. Түйін сөздер: Этноконфессиялық, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар, этносаралық қатынастар, толеранттылық, этникалық.