СТУДЕНТТЕРДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.82.1.005
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Біздің зерттудің мақсатымыз психологиялық парасаттылық құрылымының студенттердегі даму ерекшеліктерін анықтау. Әдебиеттерде психологиялық парасаттылықтың анықтамасын жалпылап алсақ, ол тұлғаның өз ойларын, сезімдерін және мінез-құлқын түсіну мен басқару, санылы түрде аңғарумен реттеу, сол арқылы өзінің кез-келген іс-әрекетін, басқа адамдармен тұлғааралық қарым-қатынасты тиімді жүзеге асыруға қабілеттілікті білдіреді. Қазіргі кездегі жастардың қарым-қатынастарына өздерінің қөңілдері толмауы, өздерінің мінез-құлықтарын, ой-сезімдерін дұрыс игере алмай қалулары жиі кездеседі. Осының салдары-нан кейде жастардың өзіне және қоршаған ортаға қауіпті, зиянды жайттар орын алатындығы БАҚ парақшаларынан белгілі. Сондай-ақ буллинг, остракизм түрлері, типті суицидке дейін жету жағдайы студенттерде психологиялық парасаттылықтың жеткіліксіз дамуын көрсетеді. Мақалада психологиялық парасаттылыққа теориялық талдау және «Психологиялық пара-саттылық шкаласы» бойынша эксперименттік зерттеу деректерінің қорытындысы берілді. Осы-ған байланысты студенттерде психологиялық парасыттылық құрылымының даму ерекшелітерін зерттедік. Осы мақсатта Психологиялық парасаттылық шкаласын жүргіздік. «Психологиялық парасаттылық» шкаласы (ағылшынша «Psychological mindedness») тұлға-лық ерекшелікті зерттеуге арналған сауалнама. Мұнда адамның психологиялық кейпін, ой-сезімдерін, іс-әрекетін саналы аңғаруға және өзектендіруіне қатысты критериалдық көрсеткіш-тер алынады. Эксперименттік зерттеуге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ерікті түрде 1 курс білім алушыларынан 132 студент қатысты. Біз оларды екі бағыт бойынша екі топқа бөлдік. Бірінші топ қоғамтану және жаратылыстану бағыты, екінші топ Бұл студенттердің саны ғылыми нәтиженің қажетті деңгейдегі – орташа эффектісін көрсе-туге жеткілікті. Эксперимент барысында осындай ғылыми нәтижелер студенттердегі психологиялық пара-саттылықтың даму ерекшеліктерін көрсетті: алғашқы 4 шкала бойынша екі топ арасында маңыз-ды статистикалық айырмашылық байқалмады, бұл студенттердің мәселелерді басқару, әлеу-меттік қолдау алудың маңыздылығын түсіну, басқалардың мінез-құлқын зерттеуге қызығу-шылық сияқты аспектілер бойынша ұқсастығын көрсетеді. Ал соңғы 5-ші шкала жаңа тәжірибелерге ашықтықтың айтарлықтай жоғары болуы қоғамтану және жаратылыстану бағыты студенттерінің жаңа ақпаратты қабылдауға және күрделі жағдайларда шешім іздеуге көбірек бейім екенін көрсетеді.