ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.82.1.006
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Соңғы жылдары полиция қызметкерлерінің кәсібі едәуір өзгерістерге ұшырады. Кәсіби міндеттермен қатар, жеке қауіпсіздік деңгейінің жоғарылауы, тығыз жұмыс кестесі, азаматтар-дың тарапынан сұраныс пен бақылаудың артуы, қызметкерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттырды. Полиция қызметкерлері қызмет барысында кездесетін теріс факторлардың әсерінен психологиялық күйзеліске ұшырап, олардың мінез-құлқында өзгерістер болуы мүмкін. Нәтижесінде, бұл жағдай қызметкерлердің эмоционалдық қажуын туындатады. Мұндай жағдайда ішкі істер органдарының психологиялық жұмыстарының басты мақсаты — полиция қызметкерінің психологиялық тұрақтылығын сақтау және жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға психологиялық қолдау көрсету. Мақаламызда полиция қызметкерлерінде эмоционалдық қажудың бар-жоғын, оның пайда болу себептері мен факторларын анықтап, оларға психологиялық қолдау көрсету шараларын қарастыруды мақсат еткенбіз. Зерттеу барысында қолданылған әдістер: К. Маслачтың қажу деңгейін анықтау әдістемесі, бұл әдіс тұлғаның психикалық қасиеттерін бағалауға бағытталған. Сауалнама үш шкалаға бөлінген: «Эмоционалдық сарқылу», «Иесіздену» және «Жеке жетістіктердің қысқаруы». Полиция қызметкерлерінің эмоционалдық қажу фазасын анықтау үшін В.В. Бойко әдісі пайдала-нылды, бұл сауалнама 12 шкалаға топтастырылған 84 сұрақтан тұрады. Шкалалар эмоционал-дық қажудың үш кезеңін: «Шыдау», «Қарсылық» және «Сарқылу» факторларын қамтиды. Нәтижелер. Зерттеу нәтижелерін талдау барысында қызметкерлердің қажу белгілері әлеуметтік көрсеткіштер арасында, сондай-ақ екі әдістемелік шкала арасында SPSS Statistics 26 бағдарламасы арқылы Пирсон корреляциялық талдау әдісімен зерттелді. Зерттеудің құндылығы. Анықталған қажу белгілері қызметкерлердің тұлғалық қасиетте-рінің оң дамуы үшін, ұжымда психологиялық ахуалды нығайту және тұрақты психологиялық қолдау шараларын ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді. Алынған нәтиже келешекте тереңде-тілген зерттеу үшін негіз бола алады, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне психологиялық қолдау жұмыстарына қатысты шаралар үшін пайдалы болуы ықтимал.