АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРЫНА ӘСЕРІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5967.2025.82.1.018
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада балалардың ақпараттық технологияларды пайдалану жиілігі мен когнитивті функциялары зерттелді. Қазіргі уақытта виртуалды орта мен ақпараттық технологиялар әлеу-меттік белсенділікке, білім алуға және бос уақытты өткізуге кең мүмкіндіктер ұсынады. Мұндай технологиялар тек ересектердің өміріне ғана емес, сонымен қатар балалардың дамуына да маңызды әсер етуде. Мақала ақпараттық технологиялардың балалар мен жасөспірімдердің когнитивті дамуына әсері туралы қазіргі зерттеулердің нәтижелерін шолу болып табылады, оның ішінде негізгі пайдалану сценарийлері ретінде видео көру және компьютерлік ойындар ойнау талданған. Ақпараттық технологиялардың балалардың когнитивті функцияларына әсері ақпарат түріне, баланың жасына және әлеуметтік контекске байланысты айтарлықтай өзгереді. Мақаланың мақсаты - ақпараттық технологияларды пайдаланудың балалардың когнитивті функцияларына әсерін зерттеу. Біз 11-12 жас аралығындағы балалардың ақпараттық техно-логияларды пайдалану жиілігі мен когнитивті функцияларын сауалнама, Струп тесті, Векслер ес тесті (WISC-IV) және Рей тесті (RAVLT) арқылы зерттедік. Зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейінің балалардың когнитивті функцияларына тікелей әсері анықталды.