STUDY OF THE PHYSICAL AND CHEMICAL COMPOSITION AND TECHNOLOGICAL PROPERTIES OF DOMESTIC WHEAT VARIETIES GROWN IN THE ZHAMBYL REGION

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.55956/snmb4114
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жамбыл облысы өңірінде өсірілген, Богарная-56 (Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында), Стекловидная-24, Безостая-1 сұрыпты (Байзақ ауданында) бидай дәндерінің физика-химиялық қасиеттері зерттелінген. Зерттеу барысында бидай дәндерінің сапалық қасиеттерін бағалаудың әдістемелері мен әдістері қолданылды. Зерттелінген бидай сұрыптары жоғарғы 1000 дәннің салмағы (30,2-39,7 г) және 743-794 г/л натурасымен сипатталынды. Ақуыз бен желімтектің мөлшері 13,0-17,7% және 24-31% шамасында өзгерді. ИДК-М1 көрсеткіштері бойынша желімтектің сапалық мәні, Меркі және Т. Рысқұлов аудандарында өсірілген Богарная-56 сұрыпты күздік бидайларының үлгілері – бірінші сапалық топты көрсетті. Ал, Стекловидная-24, Безостая-1 сұрыпты бидай үлгілері – екінші сапалық топқа сәйкес келетіндігі анықталынды. Дәннің технологиялық қасиеттерін және физика-химиялық көрсеткіштерін зерттеу нәтижелері бойынша зерттелетін бидайдың үшінші класс стандарттарына сәйкестігі анықталды. Физика-химиялық қасиеттерін бағалау нәтижесінде күздік бидай дәнінің отандық сұрыптары МЕМСТ 9353 талаптарына сәйкестігі анықталды, бұл оның нан пісіруге жарамдылығын көрсетеді. Астық сапасының көрсеткіштерінің жиынтығы бойынша ең бағалысы күздік бидайдың жұмсақ Богарная-56 (Т. Рысқұлов ауданы) және Богарная-56 (Меркі ауданы) сорттарының үлгілері болып табылады.