Аннотация
Мақалада биология ғылымын оқыту барысында білімгерлерге Drosophila melanogaster (жеміс шыбынының) зерттеу объектісі, зерттеу моделі ретінде қолданудың артықшылықтары мен тиімділігі,зерттеу және зертханалық жұмыстардың жүргізілу принципінің қол жетімділігі қарастырылады. Дрозофиланың қысқа өмірлік циклы, ұрпақ санының көптігі, хромосомаларының үлкендігі мен анық көрінетін фенотиптік белгілері генетикалық заңдылықтарды зерттеуді жеңілдетеді. Бұл зерттеулердің мақсаты – студенттер мен оқушыларға Мендель заңдары, гендердің тәуелсіз ажырауы, жынысқа тіркелген тұқым қуалау заңдылықтары сияқты негізгі генетикалық ұғымдарды түсіндіру және практикалық дағдылар қалыптастыру.Оқыту әдістемесінде дрозофилаға негізделген зертханалық тәжірибелерді қолдану оқушылардың зерттеушілік дағдыларын арттырып, генетикалық материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Жұмыс барысында дрозофила меланогастердің биологиялық ерекшеліктеріне, генетикалық талдау әдістеріне және алынған мәліметтерді интерпретациялауға ерекше назар аударылады. Бұл әдістеме тек теориялық білім берумен шектелмей, сонымен қатар биология пәнін оқытудағы практикалық компонентті күшейтеді. Зертханалық жұмыс көптеген оқу бағдарламаларының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Студенттер теориялық негіздерді тәжірибеде меңгеріп, практикалық дағдыларды меңгереді. Зерттеу тәжірибесі бақылау, өлшеу, материалдармен және компьютерлік техникамен жұмыс істеу қабілетін дамытады. В статье рассматриваются преимущества и эффективность использования Drosophila melanogaster (дрозофилы) в качестве объекта исследования, модели исследования, а также доступность принципа проведения исследований и лабораторных работ студентам во время преподавания биологических наук. Короткий жизненный цикл дрозофилы, большое количество поколений, крупные хромосомы и четко выраженные фенотипические особенности облегчают изучение генетических закономерностей. Целью данных исследований является объяснение основных генетических понятий, таких как законы Менделя, независимое разделение генов, законы сцепленного с полом наследования, и формирование у студентов и школьников практических навыков. Использование в методике обучения лабораторных экспериментов на дрозофиле позволяет студентам. повысить свои исследовательские навыки и получить более глубокое понимание генетического материала. В ходе работы особое внимание уделено биологическим особенностям Drosophila melanogaster, методам генетического анализа и интерпретации полученных данных. Данная методика не ограничивается теоретическим обучением, но и усиливает практическую составляющую преподавания биологии. Лабораторная работа – обязательный компонент большинства образовательных программ. Студенты на практике усваивают теоретические основы и приобретают практические умения и навыки. Опыт исследования развивает умение наблюдать, измерять, работать с материалами и вычислительной техникой. The article discusses the advantages and effectiveness of using Drosophila melanogaster as a research object, a research model, as well as the accessibility of the principle of conducting research and laboratory work for students during the teaching of biological sciences. The short life cycle of Drosophila, a large number of generations, large chromosomes and clearly expressed phenotypic features facilitate the study of genetic patterns. The purpose of these studies is to explain the basic genetic concepts, such as Mendel's laws, independent segregation of genes, laws of sex-linked inheritance, and the formation of practical skills in students and schoolchildren. The use of laboratory experiments on Drosophila in the teaching methodology allows students to improve their research skills and gain a deeper understanding of the genetic material. In the course of the work, special attention is paid to the biological characteristics of Drosophila melanogaster, methods of genetic analysis and interpretation of the data obtained. This methodology is not limited to theoretical training, but also enhances the practical component of teaching biology. Laboratory work is a mandatory component of most educational programs. Students learn theoretical foundations in practice and acquire practical skills. Research experience develops the ability to observe, measure, work with materials and computer technology.