ХИМИЯ КУРСЫНАН ПӘН МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРА ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.011
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада оқытушылардың дәстүрлі формадан бөлек цифрлық оқытуды пайдалана отырып білім көрсеткішін арттыру мүмкіндігі қаншалықты екені жайлы түсінік ашып көрсетілді. Атап айтқанда химия пәнін оқытуда, тәжірибелік жұмыстар жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі қандай екеніне зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмысында шетелдік және отандық мақалалар мен ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасалады. Алматы қаласының No1 мектеп-гимназиясының 44 мұғалімінен қағазбен жұмысты цифрлық оқытумен алмастырудың жолдары мен мүмкіндіктерін анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама бірнеше бөлімді қамтыды: барлық пән оқытушыларына арналған және химия пәні оқытушыларына арналған. Бұл білім беруде цифрлық технологияларды пайдаланудың пәнаралық байланысын және айырмашылығын анықтау үшін қажет болды. Сонымен қатар мақалада цифрлық оқыту және цифрлық құзыреттілік ұғымдарына түсініктемелер берілген. Химия пәнін қазақ тілінде цифрландыра оқытудың мәртебесін арттыру арқылы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, білім деңгейін оқытудың жаңа тұстарымен қызықтыра отырып арттыру жоспарлануда. Қазіргі білім алушылар жаңаша ойлау қабілеттері дамыған жаңа заманның жастары. Оларға білім беруде оқытушылардан жаңашылдық пен ізденімпаздық талап етіледі. Сондықтан мақалада зерттеу жұмысы білім алушылардың білім көрсеткішін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.