БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ЖОБАЛАУ ӘЛЕУЕТІ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер білім беру басымдықтарын қайта қарауды талап етеді, бұл өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерін іздеуді қажет етеді. Осы үдерісте маңызды рөл атқаратын заттық-дамытушы орта материалдық және әлеуметтік-мәдени жағдайлардың жиынтығы ретінде қарастырылады, ол баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға және балабақшада қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. Мектепке дейінгі білім берудің басты міндеттерінің бірі –болашақ педагогтердің дамытушы ортаны жобалау дағдыларын қалыптастыру. Бұл үдеріс тек ұйымдастырушылық мәселе ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шығармашылық тапсырмаларды шешу арқылы болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуынаықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Зерттеу барысында заттық-дамытушы ортаны жобалаудың негізгі аспектілері қарастырылып, ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды, болашақ тәрбиешілердің кәсіби қалыптасуына әсер ететін педагогикалық шарттар анықталды және дамытушы білім беру ортасын қалыптастырудың тиімді әдістері айқындалды. Зерттеудің мақсаты –болашақ тәрбиешілердің кәсіби қалыптасуын заттық-дамытушы ортаны жобалау арқылы теориялық негіздеу және оның моделін жасау. Зерттеу нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің тұлғалық-кәсіби дамуы ортаға негізделген, тұлғаға бағытталған және іс-әрекеттік тәсілдер арқылы тиімді жүзеге асырылатыны дәлелденді. Сонымен қатар, дамытушы ортаның құрылымдық мазмұны нақтыланып, оны қалыптастырудың негізгі қағидалары мен әдістері анықталды, бұл болашақ педагогтерді даярлаудағы маңыздылығын көрсетеді.