БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭТИКЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.021
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болашақ педагог-психологтарды дайындауда цифрлық этикет дағдыларын жетілдіру мәселелері қарастырылған. Білім беру кеңістігінде цифрлық қарым-қатынаста этикалық ережелерді зерделеу мәселесі, оның ішінде жоғары оқу орны білім алушылары арасында цифрлық этикет дағдыларын қалыптастыруға арналған зерттеулер көп қамтылмаған. Мақалада цифрлық этикетті жетілдіру болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыретінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.Заманауи цифрлық қоғам жағдайында педагогтардың цифрлық сауаттылығы мен цифрлық этикетті игеруінің қажеттілігі көрсетіледі. Авторлар цифрлық ортада кәсіби іс-әрекетке дайын педагог кадрларды даярлаудың өзектілігін қарастырып, білім беру үдерісіндегі цифрландырудың негізгі қарама-қайшылықтарын сипаттайды. ЖОО-ның цифрлық білім беру кеңістігінде оқытушылар мен студенттер арасындағы тиімді қарым-қатынас орнатудың рөлі айқындалып, цифрлық қарым-қатынас этикетінің маңыздылығы негізделеді. Болашақ педагог-психологтардың цифрлық этикет түсінігіне деген қатынасын анықтау үшін авторлық сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесі ұсынылған. Сауалнамаға қатысушы білім алушылардың басым бөлігі цифрлық этикетке қызығушылық танытқанымен, олардың бұл саладағы дағдылары жеткілікті түрде дамымағаны, виртуалды қарым-қатынаста цифрлық этикетті сақтамайтындығы, цифрлық кеңістікте моральдық мінез-құлықтық әрекеттерді сақтау соншалықты маңызды деп ойламайтындығы атап өтіледі.Авторлар болашақ педагог-психологтардың цифрлық этикетін жетілдіру бойынша цифрлық этикетті элективті курс ретінде немесе бір пәннің модулі ретінде кірістіруді ұсынады.