ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫНАСЫН ТАЛДАУ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.003
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада заманауи инклюзивті білім беру мазмұнының өзгеруіне байланысты педагогтардың қатынасы мен көзқарастары талданып зерттелінеді. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру үшін педагогтардың жеке сұраныстары мен кәсіби қажеттіліктеріне талдау жасалды. Зерттеу 3 модульден тұратын Лайкерт шкаласы бойынша анкеттеу арқылы жүргізілді. Бірінші модулінде қатысушының инклюзивті білім беруге байланысты жеке қызығушылықтары мен кәсіби қажеттіліктері қамтылды. Екінші модулінде мектеп педагогтерінің инклюзивті білім беру саласындағы білімі мен құзыреттілігі, оның ішінде инклюзивті білім берудің тұжырымдамалық аппаратын меңгеруі, баланың ерекше қажеттіліктерін бағалай алуы, «ерекше қажеттіліктері» бар балаларды қолдау траекториясын меңгеруі қарастырылды. Үшінші модульге тоқталатын болсақ,мұғалімдердің білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға деген көзқарасы зерттелді. Алынған деректерді талдау негізінде қатысушылардың инклюзивті білімге қатынасын қарастырып, болашақта педагогтерді даярлауда маңызды мәселелерін анықтауға тырыстық.Нәтижесінде білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тәжірибесі бар мектеп мұғалімдері оң көзқараста екенін және "ерекше қажеттіліктері бар" балалармен жұмыс істеуге қарсы емес екенін анықтауға болады. Сондай-ақ, зерттеу нәтижелері педагогтердің көпшілігі өздерінің кәсіби және жеке дамуына ықпал ететін жаңа жағдайларды қабылдауға дайын екендіктерін көрсетті. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылар бұл шешім-дерінің өзі негізделгені және түсінікті болуы керектігі туралы және нақты ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуы, мұғалімдердің өзін-өзі кәсіби дамуына ықпал етуі туралы ой-пікір білдірді.