БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰҒЫР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-МАЗМҰНДЫҚ СИПАТЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.85.1.013
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада болашақ мамандарды жүйелілік тұғыр негізінде оқытудың құрылымдық-мазмұндық сипаты теориялық және практикалық аспектілерде қарастырылады. Теориялық аспектілерде «жүйе», «жүйелілік тұғыр», «графикалық пәндерді оқыту» секілді ұғымдардың мазмұны мен құрылымын философиялық, психологиялық және педагогикалық жағдайларда талдаулар жасалады. Жүйелілік тұғыр – табиғатта, қоғамда, ойлауда болатын үдерістерді зерттеуге таным мен диалектика теориясын қолдану формасы деп нақтыланады. «Жүйелілік тұғыр – күрделі жүйе» ретіндегі мазмұндық сипаты талданады. Мақалада графикалық оқытудың түрлері және оны жүйелілік тұғыр негізінде оқытудың маңызы баяндалады. Жүйелілік тұғыр негізінде болашақ мамандарға графикалық пәндерді оқытудың көрнекілік, ақпаратты түсіну, когнитивті дағдыларды дамыту, шығармашылық қабілеттерді дамыту, интерактивті оқыту мүмкіндіктері қағидалары түзіліп, оның функциялары анықталды. Эмпирикалық талдаулар бойынша «Графикалық пәндерді жүйелілік тұғыр негізінде оқыту» атты элективті курсының бағдарламасы жасалып, оның қысқаша мазмұны ұсынылады. Болашақ мамандарға арналған анықтау кезеңінде 9 сұрақтан тұратын сауалнама нәтижелері сандық, пайыздық есептеулермен беріледі. Анықтау кезеңі Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультетіндегі кәсіптік білім беру кафедрасының білім алушыларымен жүргізілді. Графикалық пәндер бойынша студенттерге арналған сауалнама бойынша анықтау эксперименті кезінде бақылау тобы (62) респонденттерінің сауалнамаға берген жауаптарының нәтижелері талданады.