Аннотация
Мақалада болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасының функционалдық сипаттамаларын беруде толерантты қарым-қатынастың мәні, маңызды қасиеттері, оның жиынтығы және өзегі талданады. Әлеуметтік еріктілік қызметтер болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру құралы ретінде болашақ мамандардың жасампаз, өмірлік және кәсіби құндылықтары мен рухани-адамгершілік қасиеттеріне, адамгершілікке, ашықтыққа, төзімділікке негізделген әр түрлі қызмет түрлерінде білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттесу жиынтығы мен біртұтас білім түсінігінде сипатталады. Әлемдік зерттеулеге сүйене отырып, еріктіліктің үш түрі еріктілер-менеджерлер, еріктілердің көмекшілері, еріктілер -тікелей көмек ретінде баяндалады. Болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасы –бұл білім беру үдерісінің субъектілерінің өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін шығармашылық (өмірлік және кәсіби құндылықтар мен болашақ мамандардың рухани-адамгершілік қасиеттеріне, адамгершілікке, ашықтыққа, төзімділікке негізделген әр түрлі қызмет түрлерінде білім беру үдерісіне қатысушылармен өзара әрекеттесу траекториясы» деп нақтыланады. Болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері баяндалады.Эмпирикалық бөлімдегі диагностикалау жұмыстары бойынша 119 респондентке үш деңгейлі сауалнама жүргізіліп, сауалнамадағы әр сұрақ деңгейлерге қарай бөлініп, 4 жауапты мазмұны беріледі. «Еріктілік қызметтер мен толерантты қарым-қатынасқа байланысты» 3 деңгейлі сауалнаманың (жауап нұсқаларымен)сандық нәтижелері көрсетіледі.