ШЫҒЫС АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК МОДЕРНИЗАЦИЯ САЯСАТЫ: ЖАПОНИЯ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ЖƏНЕ СИНГАПУР МОДЕЛЬДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6270.2025.89.1.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Шығыс Азияның үш жетекші елі – Жапония, Оңтүстік Корея жəне Сингапурдың мемлекеттік модернизация саясатына салыстырмалы талдау жасалады. Зерттеу аталған елдердің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жаңғыру процестерінің ерекшеліктерін, олардың даму модельдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға бағытталған. Мақалада «Азия жолбарыстары» феноменінің қалыптасу мен дамуының негізгі кезеңдері қарастырылып, əр елдің модернизациялық стратегиясының өзіндік ерекшеліктері талданады. Жапонияның соғыстан кейінгі қалпына келу тəжірибесі, Оңтүстік Кореяның индустриалды-инновациялық даму жолы жəне Сингапурдың «ақылды қала-мемлекетке» трансформациялану процесі зерттеледі. Зерттеу барысында мемлекеттік басқару жүйесінің реформалары, экономикалық саясаттың трансформациясы, əлеуметтік модернизация жəне технологиялық даму стратегиялары сияқты маңызды аспектілерге ерекше назар аударылады. Əр елдің модернизациялық саясатының табысты жəне проблемалық тұстары анықталып, олардың қазіргі заманғы сын-қатерлерге бейімделу қабілеті бағаланады. Мақалада сондай-ақ аталған елдердің модернизациялық тəжірибесінің негізгі сабақтары тұжырымдалып, олардың қазіргі жаһандық экономикадағы бəсекеге қабілеттілігін сақтау үшін қабылдап жатқан шаралары талданады.