СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНА ХАЛЫҚТЫ ҚОНЫСТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕК ФАКТОРЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257612
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Берілген мақалада көптеген физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық-ұйымдастырушылық факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып келетін Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына халықты қоныстандырудың негізгі тірек факторының кеңістікте ұйымдастырылуын зерттеудің нәтижелері ұсынылады. Түйінді және сызықтық элементтердің жиынтығы бола тұра, негізгі тірек факторының игерілу дәрежесін және оның құрам бөліктерінің өзара әрекеттесуін анық көрсетеді. Сондықтан негізгі тірек факторының зерттеулері қоныстану жүйесін ұйымдастыру мен құрылымын, әртүрлі субъектілері арасындағы өзара байланыстарын үлгілеуде үлкен қызығушылық туғызады. Зерттеу Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданына халықты қоныстандырудың тірек факторы негізгі бөлігінің тиімсіздігі тарихи оқиғалармен дәлелденген Кеңес Одағының құрамындағы аумақты экстенсивті индустриалдық және ауыл шаруашылықтық игеру кезеңдерінде қалыптасқан. Сондықтан аумақты тұрақты дамыту, тиімді ұйымдастыру және әрі қарай игеру үшін оңтайлы басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатымен «осал буындарын» анықтаумен аумақтық ерекшеліктерінің негізгі бөлігінің түйінді және сызықтық элементтерінің орналасуындағы заңдылықтарын анықтап, оларды талдау қажет. Осыған байланысты Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалыптасқан тірек факторының конфигурациясын талдау, түйінді және сызықтық элементтердің, О.К. Кудрявцев бойынша орталықтардың ығысу әсерінің көрсеткіштері есептеліп, зерттеу аумағында жоғары аталған параметрлердің кеңістікте таралу заңдылықтарын көрсететін бірқатар тақырыптық карталар құрастырылды.