Аннотация
Ғылыми мақала құқықтың үстемдігі, оның тұжырымдама және құ-қықтық құбылыс ретінде пайда болу тарихы мәселелеріне арналған. Құқықтың үстемдігі барлық мемлекеттер ұстануға тиіс адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағи-даты ретінде қарастырылады. Құқықтық табиғат, құқық үстемдігінің тетік ретіндегі мазмұны, құқықтық құбылыстар және қазіргі адам құқықтарына тұжырымдамалық көз-қарас талданады. Мемлекеттің негізгі заңының құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі зерттелді және анықталды. Талдау нәтижесінде адамның негізгі құқықтары мен бостан-дықтарын бекітетін және тиімді заңнамалық процедураны белгілейтін заңнаманың мінсіз жүйесін қалыптастыру демократиялық қоғам құру үшін жеткіліксіз екендігі анықталды. Құқық үстемдігі қағидаты іс жүзінде қамтамасыз етудің жалғыз құралы және бақылау-адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.