КАРАНТИНДІ АРАМШӨПТЕРДІҢ БИОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ЗИЯНДЫЛЫҒЫ МЕН ОЛАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.37884/1-2025/21
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Жетісу облысы Ескелді ауданының аймағында 2022-2024 жылдар карантинді арамшөптердің түрлері, биоэкологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және оларға қарсы кешенді қорғау шараларын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ескелді ауданының аймағында жатаған укекіре, арамсояу (сарышырмауық), тікенекті алқа, жусан жапырақты ойраншөптүрлері анықталды. Қарабұлақ, Сырымбет, Қаратал, Ақын Сара ауылдарының жол жиектерінде және «Қаратал» Мемлекеттік сорттық сынау учаскесінде арамсояу (Cūscuta) карантинді арамшөптің кездесу жиілігі басымдылық көрсетті. Ал Қайнарлы ауылы «Қыдырбаева» шаруа қожалығында және Ақын Сара ауылындағы жол жиектерінде жатаған укекіре (қызғылт) (Acroptilon repens) жиі кездесті. Карантинді арамшөптердің зияндылығы, оларға қарсы кешенді қорғау шаралары және шаруа қожалықтарына арналған ұсыныстар берілді. Зерттеулер көрсеткендей, арамшөптердің дамуының ерте кезеңдерінде Бицепс 22 к.э.-1-3 л/га және Миура, к.э. – 0,4-1,2 л/га қолданылады 3-ші есепке алу нәтижелері бойынша бір жылдық паразитті арамшөптерді 93,0 - 95,0% - ға жоюға мүмкіндік берді, яғни биологиялық тиімділігі жоғары болды. Ал Пилот. - 1,5-6,0 л/га бір жылдық арамшөптерге қолданғанда 2-3-ші есептеу кезінде 56,6- 63,6 % төмен болды, көп жылдық арамшөптерінде 2-ші есептеуде 82,7 %, биологиялық тиімділігі анықталды. Атпатамырлы арамшөптерге қарсы Дуал голд 960, к.э. -1,5 л/га және Торнадо 540, к.э.- 1,3 - 3,3 л/га препараттарын қолданғанда 1-ші есепке алу нәтижелері бойынша бір жылдық атпатамырлы арамшөптерге қарсы 46,3 - 49,5% -ға, ал 3-ші есептеуде 38,2 - 41,8 биологиялық тиімділігі көрсетті. Бір жылдық арамшөптерге қарсы қолданғанда Зенкор® Ультра, к.с. - 0,5 л/га препараты 1-ші есептеу кезінде 61,8 %, көп жылдық арамшөптерінде 67,1 %, биологиялық тиімділігі жоғары болды.