Аннотация
Мақалада І. Жансүгіров шығармаларын мектепте оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері көрсетілген. Онлайн және дәстүрлі, аралас форматтағы білім беру барысында оқушылардың білім сапасын критериалды бағалау жүйесіне сәйкес жүргізу және сабақ барысында әр оқушының көркем шығарманы толық меңгеруіне қолайлы жағдай туғызу үшін қажетті оқыту технологияларын зерделей отырып, құрастырылған тапсырмалар жиынтығын ұсындық. Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерде сын тұрғысынан ойлауды жазбаша және ауызша дамытуға, оқушылардың таным белсенділігін арттыруға басты назар аударылды. Бұл әдістерді кез-келген білім ресурсы арқылы жүзеге асыруға, қолдануға болады. Іріктелген технологиялар қолжетімді және де заман талабына сай. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқытуда автор және көркем шығарманың білім алушыларға, олардың жан-дүниесіне әсерін сездіруге бағытталған, әр оқушыға жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырма ретінде берілетін, саралаудың оңтайлы әдістемесі деп танылған, жаңартылған білім мазмұны қолданысқа енгізілгелі бері сынақтан өткізіліп, білім сапасын көтеру және тереңдетуге оң ықпалын тигізген ең ұтымды әдіс-тәсілдер ұсынылды. Әдістердің барлығы тәжірибе барысында қолданылып, өз тиімділігін көрсетіп, оң нәтиже берген. Әдіс-тәсілдердің тек қаңқасы ғана берілді. Себебі, әр ұстаз өз сыныбының деңгейіне сай тапсырма әзірлеуі тиіс. В статье представлены эффективные методы и приемы преподавания произведений И. Жансугурова в школе. В ходе обучения в онлайн и традиционном, комбинированном форматах нами был предложен набор заданий, составленный в соответствии с системой критериального оценивания качества знаний учащихся и изучив технологии обучения, необходимые для создания благоприятных условий для полноценного усвоения каждым учеником художественного произведения в ходе урока. Основное внимание в заданиях и методах было уделено развитию критического мышления в письменной и устной форме, повышению познавательной активности учащихся. Эти методы могут быть реализованы, использованы любым образовательным ресурсом. Отобранные технологии доступны и отвечают современным требованиям. При изучении поэмы Ильяса Жансугурова «Кулагер» автором и художественным произведением были предложены наиболее рациональные методы и приемы, направленные на осознание воздействия художественного произведения на обучающихся, на их душу, дающиеся каждому ученику как индивидуальное, парное, групповое, коллективное задание, признанные оптимальной методикой дифференциации, апробированные с момента введения в действие обновленного содержания образования и оказавшие положительное влияние на повышение и углубление качества образования. Все методы были применены в ходе практики, показали свою эффективность и дали положительный результат. Из методов был дан только образец. Ведь каждый учитель должен разработать задание, соответствующее уровню своего класса. The article presents effective methods and techniques of teaching the works of I. Zhansugurov at school. During the training in online and traditional, mixed formats, we proposed a set of tasks compiled in accordance with the system of criteria assessment of the quality of students' knowledge and having studied the teaching technologies necessary to create favorable conditions for each student to fully assimilate a work of art during the lesson. The main attention in the tasks and methods was paid to the development of critical thinking in written and oral form, increasing the cognitive activity of students. These methods can be implemented and used by any educational resource. The selected technologies are available and meet modern requirements. When studying Ilyas Zhansugurov's poem "Kulager", the author and the artwork proposed the most rational methods and techniques aimed at realizing the impact of the artwork on students, on their soul, given to each student as an individual, paired, group, collective task, recognized as the optimal differentiation methodology, tested since the introduction of the updated content of education and had a positive impact on improving and deepening the quality of education. All the methods were applied during the practice, showed their effectiveness and gave a positive result. Of the methods, only the skeleton was given. After all, every teacher should develop a task corresponding to the level of his class. keywords