Аннотация
Аталған мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің мәселелері туралы және ұлт зиялыларының бірі әрі бірегейі, ұлттың ұйытқысы, тірегі, рухани білегі, өз заманында Түркістанда орнаған Кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген және онымен ымырасыз күреске бүкіл ғұмырын арнаған, сондай-ақ бұл күреске бұрын Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа мазмұн беріп, инттеллектуалдық көкжиекке көтерген ұлы қайраткер Мұстафа Шоқай феномені туралы жан-жақтылығы қарастырылады. ХХ ғасырдың бас кезі қазақ қоғамы үшін, ұлт болашағы үшін қауіпті кезең еді. Бір қоғамнан келесі қоғамға көшу отарлық езгіні тереңдете түсті. Осы тұста қоғамдық күреске қазақ қоғамы үшін мүлдем жаңа саяси-әлеуметтік күш – ұлттық зиялылар араласа бастайды. Орыс мектептері мен жоғарғы оқу орындарында білім алып, отаршыл мемлекеттік басқару аппаратындағы қызметке және қазақ арасында орыс мәдениетін егіп, тарату үшін даярланған зиялылар мұның бәрін жиып қойып, ұлттық тәуелсіздік пен ұлттық мәдениеттің өсіп-өркендеуіне, ұлт өмірін қайта құру мақсатында қызмет ете бастайды. Соның нәтижесінде қазақ қоғамында мүлде жаңа сападағы жағдай қалыптасып, отарлық тәуелділікке қарсы күрес оның негізгі белгісіне айналады. Ал Кеңес үкіметі орнауы барысында зиялылар қызметі күрделеніп, дами түседі. В данной статье рассматриваются проблемы казахской прессы начала ХХ века и деятельность представителя казахской интеллигенции Мустафы Шокая. Раскрывается феномен великого деятеля Мустафы Шокая, который однозначно признал колониальный характер советской власти в Туркестане и посвятил свою жизнь бескомпромиссной борьбе с ней, а также придал новое содержание интеллектуальному горизонту, никогда ранее не существовавшему в истории туркестанских народов. Начало ХХ века было тяжелым периодом в истории казахского общества, для судьбы будущей нации. Переход от одного общества к другому углубил колониальный гнет. В то же время в социальной борьбе начала принимать участие совершенно новая политическая и социальная сила казахского общества - национальная интеллигенция. Получив образование в русских школах и университетах, чтобы служить в колониальной администрации и распространять русскую культуру среди казахов, интеллигенция собрала использовала весь свой потенциал для завоевания национальной независимости и роста национальной культуры, восстановления национальной жизни. This article examines the problems of the Kazakh press at the beginning of the twentieth century and the activities of the representative of the Kazakh intelligentsia, Mustafa Shokay. The phenomenon of the great leader Mustafa Shokai is revealed, who unambiguously recognized the colonial nature of Soviet power in Turkestan and devoted his life to an uncompromising struggle against it, and also gave new content to an intellectual horizon that had never existed before in the history of the Turkestan peoples. The beginning of the twentieth century was a difficult period in the history of Kazakh society, for the fate of the future nation. The transition from one society to another deepened the colonial oppression. At the same time, a completely new political and social force of the Kazakh society - the national intelligentsia - began to take part in the social struggle. After being educated in Russian schools and universities to serve in the colonial administration and spread Russian culture among Kazakhs, the intelligentsia used their full potential to win national independence and the growth of national culture, and restore national life.