Прагматикалық құзыреттілікті оқыту: тілдерді оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes202582115
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала аталмыш айнымалылардың прагматикалық құзыретті қалыптастырудағы орны мен жақсы комуникативтік қатынастағы мәнін жан-жақты талдауға бағытталған. Прагматикалық құзыреттілік - тілді әлеуметтік өзара әрекеттесуде тиімді пайдалану қабілеті. Аталмыш мақаланың мазмұнында айқындық пен сыпайылық, айтылатын ақпараттың формалдылығы мен жеткіліктілігі секілді прагматикалық айнымалыларға ерекше назар аударылады. Мақалада прагматикалық құзыреттілік қалыптастырудың тәсілдерін зерттеуші Левинсон, Хаус, Браун, Хадсон және өзге де авторлардың еңбектеріне шолу жасалады. Шолуда танымал еңбектердің нәтижелерін салыстыру және синтездеу арқылы тиімді прагматикалық құзыреттілікті қалыптастырудың тәсілдері сараланады. Шолудың негізгі тәсілі ретінде бұл мақаланың авторлары жинақталаған әдебиеттердің теориялық қарлары мен тәжірибелік тұсына аса мән береді. Сондай-ақ, авторлар әдебиеттерге шолу барысында сыни талдау жасайды және осы кезге дейінгі зерттеулердің бірқатарының сенімділігі мен толықтығына және шектеулеріне айрықша мән береді. Шолу барысында қол жеткізілген нәтижелер ақпараттың формалдылығы мен жеткіліктілігі айқындылығы және айтушының сыпайылығы сияқты құзыреттіліктің қарым-қатынас барысында маңызды прагматикалық құрал ретінде маңызды. Шолу барысында Ф.Сиудің зерттеулері мен прагматикалық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдеріне сүйене отырып, Қазақстан көлемінде тәжірибелік зерттеулерді жалғастыру ұсынылды. Өйткені, зерттеудің тәжірибелік жалғасы Қазақстан аумағына ғана тән және жергілікті жағдайларды ескере отырып, бейімделу стратегияларын дамытуға жол ашады. Түйін сөздер: толық ақпарат, тиімді қарым-қатынас, педагогикалық тәсіл, прагматикалық құзырет.