Филология терминдері тезаурусының лингвистикалық параметрлері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519713
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақала білім беру жүйесіндегі филология терминдерінің тезаурус сөздігін жасаудың ғылыми-практикалық (лингвистикалық параметрлерін айқындау) мәселелеріне арналған. Мақалада тезаурус түзудің маңызды негізгі кезеңдері, тезаурусты құрайтын негізгі бірліктер, дескрипторлар мен аскриптор терминдер, олардың терминологиялық жүйені сипаттаудағы маңызы, терминдер арасындағы семантикалық байланыстарды айқындаудағы орны және т.б. мәселелер қарастырылды. Зерттеу барысында қазақ тіліндегі филология терминдері тезаурусының сөздік мақала құрылымы мынадай параметрлер жіктелді: а) дискрипторлар: Термин атауы (жеке сөз немесе сөз тіркесі); Саласы; Пәні; Терминнің анықтамасы; Терминнің Этимологиясы; Жасалу жолы; Мысалы; Дереккөзі; Терминнің авторы; ә) аскрипторлар: Оппозиті; Омонимі; Синонимі; Гиперонимі; Гипонимі; Терминдік тіркесімі; Туынды термин. Аталған параметрлердің ерекшеліктері ғылыми-теориялық тұрғыдан тілдік мысалдар негізінде ашып көрсетілді. Зерттеудің теориялық маңыздылығы: зерттеу барысында алынған нәтижелер қолданбалы терминтаным, терминография салаларының, атап айтқанда, терминологиялық қордың тезаурусын түзудің, екітілді және көптілді салалық терминологиялық түсіндірме сөздіктер әзірлеудің, электронды тезаурустар жасаудың ғылыми негіздерін нақтылап, толықтыруға ықпалын тигізеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы салалық және тақырыптық тезаурустар әзірлеу, арнаулы терминологиялық қор жасау ісінде лексикографиялық практикада, тезаурустардың құрылымы мен мазмұнын, параметрлерін нақтылау және жетілдіру, әртүрлі тақырыптық және электронды іздеу тезаурустарын жасау бойынша практикада пайдалануға болатындығымен негізделеді. Зерттеу жұмысында жіктеу, жүйелеу, денотативтік, дифинициялық, тектік-түрлік, логика-семантикалық, құрылымдық (морфологиялық, синтаксистік), диахрондық (этимологиялық), салғастырмалы-типологиялық және фасеттік талдау, тезаурустық, лингвистикалық, лексикографиялық және тезаурустық модельдеу әдістері пайдаланылды. Түйін сөздер: филология терминдері, тезаурус, лингвистикалық параметр, дескриптор, аскриптор.