Көркем кеңістіктегі киелі мекен модельдері

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph2025197111
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада киелі мекендердің көркем кеңістіктегі пішіні назарға алынып, тарих-мәдени сипатын қарастыратын ғылым салалары – иератопия мен иерофания туралы тұжырымдар сараланады. Зерттеуші ғалымдардың анықтамаларын, ой-тұжырымдарын салыстыру арқылы иерофания мен иеротопия ұғымдарын таныту мақсатында аңыз-әпсаналардан мысалдар келтірілді. Сакралды санаттағы нысандардың жер бетіндегі барлық көрінісін иерофания қарастырса, адам санасындағы рухани болмысты танудың нақты бейнесін иеротопия саласы зерттейді. Болмыстағы иерофанияның мистикалық сипаты мен иеротопияның (адамдардың ақыл-ойы мен шеберліктің жемісі) сабақтастығының нәтижесінде киелі кеңістіктердің көркем моделдері қалыптасады. Алғашында иеротопия болмыстың табиғи элементі, кейін жоғары әлеммен қарым-қатынастың үлгісі ретінде орныққан. Сакралдылық адам баласының санасына алдымен табиғи әрі бейсаналы түрде қалыптасып, кейін жоғарғы күштерге, болмысқа деген дүниетанымынан кеңеюіне қарай әртүрлі сипатта толыға береді. Болмыстағы кез келген тылсым сипатты нысанның, киелі орынның ерекшелігін айқындап тұратын өзіне тән белгілері болады. Мұндай белгілерді «атрибуттар» деп атаймыз. Адамзат санасында киелі мекендерге қатысты қалыптасқан тұрақты атрибуттар да бұл мақалада қарастырылған. Аталмыш атрибуттардың бірнеше ежелгі мәдениеттегі қызметі, мифтік баяндар мен аңыз-әпсаналардағы рөлі көрсетілді. Сакралды мазмұнның миф, аңыз, ертегілер мен әпсаналардағы қалпы және әдеби туындыларда жаңғырған бейнесі арқылы көркем модельдер түзілгені тұжырымдалады. Түйін сөздер: Көркем кеңістік, көркем модель, иератопия, иерофания, атрибут.