Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасының салық жүйесін дамытудың ағымдағы кезеңіндегі электрондық коммерцияға салық салу процесінің жаңа трендтері қарастырылады. Бұл мақалада еуразиялық кеңістік елдерінде электрондық коммерцияға салық салуды енгізу мерзімдері туралы ақпарат келтірілген. Электрондық коммерция нарығының көлемін талдау негізінде Қазақстанда электрондық коммерцияға салық салу процесінде кейбір үрдістер анықталды. Бұл жұмыста макроэкономикалық көрсеткіштерге және жалпы халықтың әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер ететін цифрлық қайта құру және Қазақстанның қаржы жүйесін «қайта жүктеу» жағдайында елімізде электрондық коммерцияға салық салуды одан әрі дамытуға бағытталған жаңа аспектілер қарастырылды. Салық қатынастары жүйесіндегі цифрландырудың маңызды аспектілері мен тенденциялары ерекше зерттелді. Зерттеу барысында зерттеу тақырыбы бойынша қолда бар ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық шолу жүргізу негізінде көрнекті ғалым-экономистердің пікірі ескерілді. Жүргізілген зерттеу Қазақстан Республикасындағы электрондық коммерцияға салық салуды дамытудың шекарасын белгілеуге, оны жүргізудің ерекшелігін анықтауға, салық қатынастары жүйесі субъектілерінің электрондық коммерцияға салық салуды дамытудың қазіргі заманғы ерекшеліктерін түсінуін тереңдетуге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде елімізде электрондық коммерцияға салық салуды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар ұсынылды. Кілтті сөздер: цифрлық салығы, салық салу, онлайн сауда, маркетплейс, электрондық коммерция, электрондық сауда, электрондық шот-фактура