Фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан оқыту – оқушылардың шешен сөйлеу қабілетін дамытудың негізі

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-1-128-138
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінгі таңда «Қазақ тілі» сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ерекше мән беріліп отыр. Соған сәйкес оқытудың әдіс-тәсілдері жетілдіріліп, білім сапасын жақсартудың жолдары іздестірілуде. Осыған байланысты мақалада 10-11-сынып оқушыларына фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан меңгерту арқылы шешен сөйлеу қабілетін дамыту мәселесі сөз болады. Мақалада тұрақты тіркестердің лексикалық бірліктерден – жеке сөз бен еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы көрсетіліп, фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан оқыту арқылы шешен сөйлеу қабілетін дамытуда не нәрсеге аса мән беру керек екені нақты көрсетілді, автор тарапынан коммуникативтік дағдылары мен сөйлеу мәнерін жетілдіруге қатысты ұсыныстар берілді. Бұл орайда фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан меңгерту арқылы шешен сөйлеу қабілеттерін дамытуда оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, аялық білімі, коммуникативті сөйлеу дағдылары, сөйлеу мәнерін меңгеруі ескерілуі керек екені айтылады. Фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан меңгерту арқылы шешен сөйлеу қабілетін дамытуда теория мен практика сабақтастықта сөз болып, фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектерімен қатар тұрақты тіркестерді когнитивті тұрғыдан меңгертуге қатысты әдістемелік еңбектер де талданады. Фразеологизмдерді меңгерту арқылы шешен сөйлеу қабілеттерін дамыту кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуі керек екені ескертіліп, дайындық кезеңінде оқушылардың фразеологизмдерді, шешен сөйлеу дағдыларын меңгеру деңгейі анықталатыны, теориялық материалмен таныстырылатыны, негізгі кезеңде түрлі жаттығулар арқылы фразеологизмдердің өзіндік ерекшелігі, құрылымы мен мәніне қатысты теориялық ақпарат бекітіліп, фразеологизмдердің қолданылуын сөйлеу жағдаятымен, уәждеме теориясымен байланыстыра отырып, шешен сөйлеу дағдыларын меңгертілетіні айтылып, нақты ұсыныстар беріледі. Фразеологизмдерді меңгерту арқылы оқушылардың шешен сөйлеу дағдыларын кезең-кезеңмен қалыптастыру студенттердің коммуникативті дағдыларын жетілдіруге, шешен сөйлеу қабілетін шыңдауға жол ашады. 10-11-сынып оқушыларына фразеологизмдерді когнитивті тұрғыдан меңгерту арқылы шешен сөйлеу қабілетін дамыту білім алушылардың ұлттық дүниетанымды түсінуіне, аялық білімін кеңейтіп, лингвистикалық және мәдени танымдарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл ойын еркін жеткізе алатын, сөздік қоры бай, шешен сөйлейтін, ұлттық кодты, фразеологизмдердің астарын түсіне білетін тілдік тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.