Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік интеллектінің рөлі: жүйелі шолу

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2025-1-180-190
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеу бастауыш сынып оқушыларында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы әлеуметтік интеллектінің рөліне арналған ғылыми жарияланымдарға жүйелі шолу болып табылады. 2014-2024 жылдар аралығында Scopus дерекқорынан таңдалған 49 мақаланы талдау осы салада қолданылатын негізгі бағыттар мен эмпирикалық тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижелер эмоционалды және коммуникативті құзыреттіліктердің дамуы тұлғааралық қатынастарды жақсартуға, жанжал деңгейін төмендетуге және мектептің жағымды климатын қалыптастыруға ықпал ететіндігін көрсетті. Білім беру процесіне біріктірілген әлеуметтік-эмоционалды оқыту бағдарламалары ең тиімді деп танылды. Шолу сонымен қатар қолданыстағы зерттеулердің әдіснамалық ерекшеліктері мен шектеулерін қарастырады, одан әрі мәдениетаралық және пәнаралық ізденістердің қажеттілігін көрсетеді.