ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ЭЛИТАСЫ ⅪX Ғ. ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ: ЗАМАНАУИ ШЕТЕЛДІК ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ТАРИХНАМАЛЫҚ ТАЛДАУ ТӘЖІРИБЕСІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251161014
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты XIX ғасырдың екінші жартысы – XX ғасырдың басындағы Орталық Азия зияткерлік элиталарының қызметі туралы шетел зерттеушілерінің еңбектерін тарихнамалық тұрғыдан талдау. Орталық Азия тарихындағы бұл кезең аймақтағы халықтардың өмірінде әртүрлі трансформациялық үдерістермен ерекшеленді. Зерттеу материалдары ретінде соңғы отыз жыл ішінде жарық көрген шетелдік зерттеушілердің монографиялары мен мақалалары пайдаланылды. Тарихнамалық талдауды жүргізу шетел тарихшыларының зерттеулерінде осы тақырыпты ашуда қолданған ғылыми әдіс-тәсілдерді, теориялық негізді және түсіндіру модельдерін тереңірек түсінуге, сондай-ақ батыс және отандық зерттеулер әдіснамасындағы айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Шетелдік зерттеулерге тарихнамалық талдау жасау жаңа әдіснамаларды (жаһандық, постколониалдық және т.б.) және халықаралық академиялық пікірталастарды Қазақстан тарихшыларының ғылыми кеңестігімен біріктіруге, сондай-ақ Орталық Азия зияткерлік элитасын отарлық және жаһандық тарихтың кең контекстінде белсенді қатысушылар ретінде зерттеуге ықпал етеді. Берілген мақаланың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы отандық ғылым әдіснамасын байытуға, ислам және қоғамның либералдануы, мұсылман қозғалысы, жәдидшілдіктің Орталық Азияның мәдени дамуына әсері мәселесі жаңа тәсілдер арқылы қайта қарастырылуда. Түйінді сөздер: Орталық Азия, модернизация, жәдидшілдік, интеллектуалды тарих, зиялы қауым.