МЕКТЕПТЕ ТАРИХ САБАҒЫНДА ТАС МҮСІНДЕРДІ ОҚЫТУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.021
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада жаңартылған білім беру жүйесі аясында мектепте тарих пәнінен тас мүсіндерді оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың әдістемесі ұсынылады. Тарих пәні бойынша оқушыларға тақырыпты меңгерту, олардың қызығушылықтарын арттыру және зерттеушілік қабілеттерін арттыру үшін білім берудегі цифрландыру трендін қолданудың артықшылықтары бар. Бұл артықшылықтар оқушылардың креативті ойлауын, шығармашылық және қажетті дағды-ларды дамыту принципіне сүйенеді. Тарих сабағында тақырыпты өтуде цифрлық платформа-лардың мүмкіндіктерін қолдану арқылы платформаларда сабақ өту, тапсырма орындатып, виртуальды музейлерге саясат жасауға болады. Сондықтан да цифрландыру тренді білім беру саласын дамыту құралы ретінде үлкен маңызға ие. Оқушылар цифрлы технологиялардың мүмкін-діктерін пайдаланып өздерінің зерттеу жобаларын әзірлеуіне мүмкіндік алады және олардың тарихи-мәдени жәдігерлерді құрметтеуге баулуға болады. Мақаланың мақсаты –тас мүсіндерге қатысты ғылыми мәліметтерді жүйелеу, мектеп бағдарламасында оқытудың цифрлық мүмкіндік-терін қолданудың әдістемесін жасау. Мақалада тарихты оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жүргізген ресейлік, отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық еңбектеріне талдау жасалады және қазақстандық археологтардың түркілік кезеңдегі тас мүсіндер туралы зерттеулерін басшы-лыққа алып, ақпарат қоры толықтырылады. Мақаланың әдіснамалық негізі ретінде ғылыми зерттеудің теориялық әдістері (индукция, дедукция, синтез) басшылыққа алынды.