ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚЫЗМЕТІ: ҚАЗАҚ ЖЫЛҚЫЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ(ХІХ ғ. соңы)

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-6017.2025.84.1.017
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Жылқының қолға үйретілуі көшпенді мәдениеттің дамуына елеулі әсер етіп, өркениеттердің қалыптасуына маңызды рөл атқарды. Жылқылар ауыл шаруашылығында, көлікте және әскери іс-әрекеттерде қолданылып, экономикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтті. Қазақ жерінде ат баптау тарихы ерекше орын алып, бүгінгі күні де ауыл шаруашылығының маңызды бөлігі болып қалуда.Бұл тақырыпты зерттеудің өзектілігі мен маңыздылығы меценаттық пен қайырымдылық қызметінің қоғамдағы рөлін, жылқы шаруашылығының экономикалық маңыздылығын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени және сауда байланыстарын түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар, ат баптау мен ауыл шаруашылығының дамуын зерттеу арқылы аграрлық сектордағы өзгерістерді талдауға мүмкіндікбереді.Мақалада архивтік деректер негізінде Ресей империясында қазақ жылқыларының көрмелерін ұйымдастыру, олардың экономикаға, әлеуметтік және мәдени байланыстарға, сондай-ақ техно-логиялық дамуға әсері зерттеледі. Көрмелер жылқы өсірудегі жетістіктерді көрсету, жаңа әдіс-терді насихаттау және тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылды. Бұл шаралар Мәскеу, Санкт-Петербург секілді ірі қалаларда және басқа аймақтарда өткізілді. Олар империяның түрлі бөліктері арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етті. Қазақтардыңжылқы өсірудегі дәстүрлі дағдылары тұқым сұрыптау, жақсарту және жылқы басын сақтауға көмектесті. Жылқы өсірудің экономикалық маңызы оның ауыл шаруашылығында, көлік ретінде және әскерде қолданылуымен ерекшеленді. Көрмелерді қолдаған меценаттар аграрлық сектордың дамуына және экономиканың нығаюы-на ықпал етті. Асыл тұқымды жылқыларды өсіру өнімділікті арттырып, сауда мүмкіндіктерін кеңейтті. Олардың үлесі тек қайырымдылықпен шектелмей, стратегиялық маңызы да болды. Ат өсіруге қолдау көрсету аграрлық секторды күшейтті, ал ол Ресей империясының экономикасының негізі болды. Жылқы көрмелері шаруашылық пен мәдениеттің өзара байланысын көрсетті және ат өсірудің экономикалық және мәдени рөлін айқындады.