ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚАТЫСТЫҚ СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛЫМЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss1pp92-104
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада қазақ тілінің ақпараттық технология саласының терминологиясындағы қатыстық сын есімдер морфологиялық аспектіде қарастырылады. Мақаланың мақсаты – қатыстық сын есімдердің ақпараттық технология саласында бірізді берілуіне мән беру. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы және практикалық маңыздылығы – терминдерді сөз таптары бойынша қарастыру және сын есім сөз табынан болған терминдерді терминологияда термин ретінде қарастыру мәселесіне толыққанды зерттеу жүргізу. Сондай-ақ аппликатив(+ті), ассоциатив(+ті), абсолют(+ті), интерактив(+ті) транзитив(+тік), функциональ(+дық) секілді сындық мағынаны білдіретін кірме сын есімдерге үстемелеп +ті, +тік, +дық жұрнақтары не себепті жалғанады деген мәселе көтеріледі. Ақпараттық технология саласының терминологиясы қазақ тілінде әлі де болса толыққанды қалыптаспағандықтан, терминдерді жетілдіруге қатысты мәселелер үнемі көтеріледі. Мақалада тіл біліміндегі сипаттамалы әдіс және салыстырмалы әдіс қолданылды. Зерттеу жұмысында терминология саласында сын есімдердің қолданылуына қатысты зерттеулерге және сын есімдердің қазақ тіл біліміндегі зерттеулеріне шолу жасалды. Қазақ тіліндегі ақпараттық технология саласындағы бекітілген терминдерге талдау жүргізілді. Яғни, қатыстық сын есім жасайтын жұрнақтарға талдау жасалды. Қазақ тілінің терминологиясы принциптерінің ішінде ұлт тілінде ұғымды беретін термин-сөз табылмаған жағдайда, туыстас тілдерден сөз алу принципі бар. Сол себепті қазақ тіліндегі кірме сын есім сөздер туыстас өзбек, әзірбайжан, түрік тілдеріндегі сын есімдермен салыстырылды. Мақаланы қорытындылай келгенде, сын есім сөз табынан болатын кірме сөзге үстемелеп жұрнақ жалғап, қатыстық сын есім жасау орынсыз деген тұжырым ұсынылады. Терминдердің сапалы жасалуы тікелей терминдердің қолданысына әсер ететіндіктен, терминдердің бірізді қолданылуы зерттеудің құндылығы болып табылады.