КӘСІБИ ФАКТОРДЫҢ ОҚЫТУ ТІЛІН ТАҢДАУДАҒЫ РӨЛІ: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТІЛДІК ТАҢДАУЫНА САРАПТАМА

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss1pp331-345
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Кәсіби білім алуға бет алған студенттер оқыту тілін таңдағанда қандай факторларды негізге алатындықтарын анықтауға талпыныс жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясаты, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың көмегімен әрі халқымыздың сана-сезімінің өзгеріске түсіп, жаһандық дамуға ілесуге деген ұмтылыс заманауи тілдік тұлғаның да трансформациясына әкеп соғары сөзсіз. Осы өзгерістерді студенттердің оқыту тілін таңдауы негізінде анықтауды мақсат етіп, әлеуметтік, психолингвистикалық, лингвомәдени жақтарынан қарастырылды. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы 2019-2023 жылдар аралығында ҚазҰУ-нің бірінші курсына түсуші студенттердің кәсіби білім алу мақсатында тілдік таңдауын қандай факторларға сүйене отырып жасайтындығын нақты сараптама негізінде көрсетіп, білім алу жүйесіндегі тілдерді меңгеруге деген сұраныстың қазіргі қалпын анықтауға қадам жасалды. Зерттеуде қойылған міндеттерді шешу үшін салыстырмалы, статистикалық талдау секілді жалпы ғылыми зерттеу әдістері қолданылды, сонымен қатар құрылымы мен динамикасын талдау, ақпаратты графикалық түсіндіру арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижесінде аталған жоғары оқу орнына түсуші түлектердің тілдік таңдауы, мемлекеттік бағдарламалар негізінде және жаһандық дамудың әсерінен тілдерді меңгеруге деген көзқарастың өзгергеніне нақты талдаулар жасалды. Зерттеу мектеп түлектерінің жоғары білім алуға дейінгі дайындығына, кәсіптік бағдар беруге, ал университетте пәндерді оқыту тіліне қарай бейімдеп, интегративті бағытпен ұштастыру үшін өз үлесін қосады деген сенімдеміз. Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – жоғары оқу орнына түсуші студенттердің тілдік қалаулары қандай факторларға қатысты таңдалатындығын сараптау болып табылады.