АБАЙДЫҢ ТІЛДІК ӘЛЕМІНДЕГІ «АДАМ» КОНЦЕПТІСІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.59102/kufil/2025/iss1pp33-45
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі «Адам» концептісіне қатысты тілдік бірліктер, сөздер мен сөз тіркестері, мәтін элементтері лингвоконцептологиялық тәсілдеме талдауға түседі.. Лингвоконцептология тәсілдемемен зерттеуде Абай шығармашылығыдағы «Адам» концептісінің семантикалық өрісі анықталды. Лингвоконцептологиялық тәсідеме Абайдың шығармашылығын оның дүниетанымымен, ол өмір сүрген тарихи-мәдени ортамен, өмірлік көзқарастарымен, ұстанымдарымен байланыстыра қарауға мүмкіндік береді. Абайдың тілдік әлемінде «Адам» концептісі адам, кісі, мен, менікі, бала, әке, ата-ана, жақсы, жаман, ақылды, надан, залым, ғалым, туыс, ел, халық, ақын, кемел, единица сияқты т.б. лексемалар арқылы көрініс тапқан. «Адам» концепт аясына жататын адам болмысы, адамның жаратылысы, адамның өмірінің мәні, толық адам, адамның мақсат-мұраты сияқты ұғымдар Абайдың шығармаларының тілінде қалай көрініс тапқаны лингвоконцептологиялық тұрғыдан талдауға түсті. Абайдың тілдік әлемінде «Адам» концептісі сан-алуан сипатқа ие және әр түлі тілдік бірліктер арқылы жарыққа шығып отырады. Абайдың адам туралы тұжырымдамалық танымының бастау көздері анықталып, тілдік әлемінде қандай орын алатыны зерделенді. Абайдың тілдік әлеміндегі «Адам» концептісін лингвоконцептологиялық тәсілдеме негізінде талдау Абайдың тілдік әлемін дүниетанымымен, көзқарастарымен және өмірлік ұстанымдарымен байланыстыра отырып, бұл бағыттағы зерттеулердің перспективаларын көрсетіп берді. Зерттеудің нәтижелерін лингвоконцептология, когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану бағытындағы зерттеулерде пайдалануға болады. Сонымен бірге абайтанудың өрісін кеңейтуде де бұл мақаланың өзіндік үлесі бар деуге болады.