ФУНКЦИОНАЛДЫ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУДЕ ӨСІМДІК ҚОСПАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.26-711
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Зерттеудің негізгі мақсаты – функционалды сүтқышқылды өнімдерін өндіру үшін өсімдік қоспалары қосылған сүтқышқылды тұздығының сапасын зерттеу және технологиясын әзірлеу. Соңғы уақытта функционалды сүт өнімдерін өндіруде өсімдік қоспаларына деген қызығушылық артты, бұл сүт өнімдерінің тағамдық және биологиялық белсенді қасиеттерін жақсарту үшін табиғи өсімдік компоненттерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл қоспалардың сүт өнімдерінің пайдалы сипаттамаларына, мысалы, антиоксиданттар, дәрумендер, минералдар құрамына әсерін, сондай-ақ ішек микробиотасын жақсарту, иммундық жүйені нығайту және басқа да функционалды қасиеттерін талдауды қамтиды. Осы тақырыптың ғылыми жаңалығы келесі аспектілерде көрінуі мүмкін: - жаңа өсімдік қоспаларын зерттеу: сүт өнеркәсібінде бұрын қолданылмаған өсімдік қоспаларын талдау немесе сүт өнімдерінің функционалдығы тұрғысынан олардың жаңа пайдалы қасиеттерін анықтау; - қоспалардың өнімдердің функционалды қасиеттеріне әсері: олардын аурулардың алдын алу, қоректік заттардың биожетімділігін арттыру, сіңімділігін және игерілуін жақсарту сияқты тұтынушылар денсаулығын жақсартудағы рөлін анықтау; - өндірістің жаңа технологияларын әзірлеу: сүт өнімдерінің пайдалы қасиеттерін сақтап қана қоймай, оларды күшейтетін, сондай-ақ олардың органолептикалық сипаттамаларын жақсартатын өсімдік қоспаларын экстракциялау және қосу бойынша инновациялық әдістерді енгізу.