МЕМЛЕКЕТТІК АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.26-552
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Активтер кәсіпорынның бизнес процесінде пайдаланылатын экономикалық ресурстардың әртүрлі түрлерін білдіреді. Бұл ресурстар белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған ұйымның миссиясы мен экономикалық даму стратегиясына сәйкес қалыптасады. Өзінің мәні бойынша активтер кәсіпорынның экономикалық әлеуетінің негізін құрайды, мүліктік құндылықтар жиынтығы түрінде көрінеді. Экономикалық ресурстардың мақсатты түрде қалыптасқан тобы ретінде активтер оның стратегиялық міндеттерін іске асыруды және тұрақты дамуды қамтамасыз ететін кәсіпорынның шаруашылық қызметінің функционалдық бағыты мен ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Демек, экономикалық сипаттамаларға ие активтер кез келген микроэкономикалық жүйеде экономиканы басқарудың негізгі объектілеріне айналады. Олар осы жүйенің тиімді жұмыс істеуі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мақалада мемлекет активтерінің экономикалық мәні, мазмұны және оларды басқару тәсілдері қарастырылады. Мақаланың маңыздылығы – экономикалық тұрақтылық пен дамудың негізі ретіндегі мемлекеттік активтердің маңыздылығы туралы терең түсінік беру. Мемлекеттік активтерді басқарудың әртүрлі аспектілерін талдай отырып, мақалада олардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру бойынша ұсыныстар берілген. Мұның экономикалық саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдар үшін, сондай-ақ экономикалық ресурстарды басқару мәселелерін зерттейтін ғалымдар мен практиктер үшін тікелей практикалық маңызы бар.