АНЫҚ ЕМЕС ЛОГИКАҒА НЕГІЗДЕЛГЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚАТЕРДІ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.26-658
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада өнеркәсіптік заттардың интернеті (IIoT- Industrial Internet of Things) ортасындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қарастырылады. IIoT - тегі ақпараттық қауіпсіздік қатерлерді бағалау бірқатар факторлармен қиындайды: жүйенің күрделілігі мен біртектілігі, жүйенің динамикасы, таратылған желілік инфрақұрылым, стандарттар мен нұсқаулықтардың болмауы, сондай-ақ қауіпсіздіктің бұзылуының жоғарылауы. Осы сынды факторларды ескере отырып, IIoT-те ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін бағалау белгілі бір жүйе мен саланың ерекшеліктері мен талаптарына бейімделген кешенді тәсілді қажет етеді. Қатерлерді бағалаудың мамандандырылған әдістерін қолдану және жүйенің контексті мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Анық емес жиындар теориясының математикалық аппаратына негізделген IIoT-те ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін бағалау әдісі ұсынылған. Бұл мақалада IIoT жүйелеріне ақпараттық қауіпсіздік қатерлеріне талдау жүргізілді, оның ішінде ең маңызды критерийлер таңдалды. Шешімдердің негізінде қабылданатын ережелер кіріс параметрлері бар логикалық формулалар түрінде тұжырымдалады. Үш анық емес қорытындылар жүйесі қолданылады: біріншісі қауіптің туындау ықтималдығын бағалау үшін, екіншісі ықтимал залалды бағалау үшін және соңғысы IIoT жүйесі үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерді бағалау үшін. Ұсынылған әдіс негізінде IIoT ортасында ақпараттық қауіпсіздік қатерлерді бағалауды есептеу мысалдары келтірілген. Ұсынылған ғылыми тәсіл IIoT жүйелерін жобалау үшін сараптамалық шешімдерді қолдау жүйелерін құру үшін негіз бола алады