ӨСІМДІК ТЕКТЕС АНТИОКСИДАНТТАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ЙОГУРТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Hybrid Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.1.26-943
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Йогурт өндірісінде бұрын қолданылмаған өсімдік тектес жаңа компоненттерді пайдалану өнімге тек мүлдем жаңа дәмдік қасиеттер беріп қана қоймай, сонымен қатар оны адам ағзасына қажетті маңызды нутриенттермен байытып, функционалдық мақсаттағы тағам өнімін әзірлеуге мүмкіндік береді.Осы зерттеудің мақсаты – функционалды сүтқышқылды өнімдер дайындауда қызылша ұнтағын байытқыш ретінде қолданудың әсерін зерттеу болды. Жұмыс барысында әртүрлі концентрациядағы өсімдік қоспасы ретінде қызылша ұнтағы қосылған сүтқышқылды йогурттың үлгілері дайындалды. Қызылша ұнтағы пастеризацияланған сүтке қосылып, сүтқышқылды бактерияларды қоспастан бұрын араластырылды. Зерттеу нәтижесінде қызылша ұнтағын байытқыш ретінде пайдалану сүт қышқылын ашыту уақытын қысқартуға мүмкіндік беретіндігі анықталды. Алынған йогурт үлгілерінің сапасы органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштер бойынша бағаланып, дәмсараптау сынақтары жүргізілді. Қосылған өсімдік қоспасының йогурттың сыртқы түріне, құрылымына, дәміне оң әсер еткендігі анықталды. Қызылша ұнтағын қосу сүттің суспензиясын азайтып, йогурттың су байланыстыру қабілетін арттырды. Алынған йогурт үлгілерінің тағамдық құндылығы есептеліп, 0,25% қызылша ұнтағы қосылған үлгіде темірдің мөлшерінің артқаны анықталды.