Нұрлан Мәукенұлы лирикасындағы ұлттық идея

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-154-166
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада ұлттық идея ұғымының философиялық-әлеуметтік мәні, оның 1980-1990 ж.ж. қазақ поэзиясы мен Нұрлан Мәукенұлының лирикасында бейнеленуі сөз болады. Автордың пікірінше, сөз өнері – ұлттық идеяны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеріп, ұлттық сана-сезімді оятатын қоғамдық сананың ерекше формасы. Осыған орай мақала ұлттық идеяның сөз өнеріндегі көріністерін Н. Мәукенұлы мен Т.Медетбек, Т.Әбдікәкімов, Е.Раушанов сынды замандас ақындар поэзиясының мысалында талдауды мақсат еткен. Зерттеу барысында аталған ақындардың ұлттық идеяны оқырман жүрегіне жеткізу мен ұлттық сананы оятудағы суреткерлік шеберліктері көрсетіледі. Н.Мәукенұлының өткен мен бүгінгінің өзекті мәселелері жайлы философиялық пайымдауларымен қатар, қазақстандық қоғам қайшылықтарын танытудағы ақындық қуатына баға береді. Автор Нұрлан ақынның Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Бұқар, Ақтамберді, Махамбеттің жыр-мұраларында өрілген елдік, ерлік рухын, көркемдік дәстүрлерін тірілткенін нақты мысалдармен дәлелдейді. Сондай-ақ, суреткердің отарлық пен кеңестік тоталитарлық жүйенің ұлттық сана мен болмыс-бітімге тигізген зардаптары мен постколониялық қоғам қайшылықтарының сырын эстетикалық тұрғыдан игеру ерекшеліктеріне әдеби талдаулар жасайды. Зерттеу нәтижесінде Н.Мәукенұлының ұлттық сана-сезімнің тереңінде жатқан ұлттық идеяны тірілтіп, толғай білген нағыз ұлт ақыны екені дәлелденген.