Термин қалыптастырудағы деколониалық ұстаным

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2616-678x-2025-150-1-30-38
Достоверность данных 85 высокая
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

ұл мақала термин қалыптастырудағы деколониалық ұстаным мәселелеріне арналады. Тілдік деколониалдау аясында пайда болған деколониалық ұстаным ұғымы терминология бойынша төл құндылықтарымызды қайтаруды көздейді. Жалпы тілдік деколониалдау термині тілдік ұлттық бірегейлікті қалпына келтіру үшін қолданылатыны белгілі. Тілдің ғылыми қатынас аясында коммуникативтік бағытталуы болмаса, ұлттық түсінік арқылы ғылыми мазмұнды беру іс-әрекеті қалыптаспайды. Бұл мақаланың мақсаты – термин қалыптастыру барысындағы деколониалық ұстанымды айқындау, демек, саяси жағдайлар ықпалынан термин жасау ісінде жоғалтқан кейбір тілдік тетіктерді күшейту. Кезінде А.Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялыларының бастамасын қайта жандандыру. Термин қалыптастырудағы деколониалық ұстаным ғылыми ұғым атауының ана тілінде қалыптасуына негізделеді. Бұл өз кезегінде қазақша ғылыми сананың қалыптасуына жол ашады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қолданыс аясын кеңейтуге байланысты шаралардың бірі болмақ. Мақалада ғылыми еңбектерге сүйене отырып, бұрынғы кеңестік идеологияның қазақша ғылым тілінің дамуына тиізген кері әсері, Тәуелсіздік алғаннан бергі термин саласындағы жаңа тұжырымдар баяндалады. Мақалада тілдік деколониалдау және терминология бойынша ғылыми әдебиеттер келтіріледі. Мақала мазмұны термин қалыптастыру барысында жаңа бағыттардың тұрақтануына, сала мамандарының тілдік құзіреттілігінің артуына ықпал етеді.