«ДЕП» КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТІ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ КОГНИТИВТІ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2025.1.76.007
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Мақалада деп көмекші етістікті полипредикативті сөйлемдердің қалыптасуы когнитивті – семантикалық аспектіде қарастырылады. «Деп» көмекші етістігінің сөйлемдегі қызметі құрылымдық грамматикада зерттелгенімен, оның семантикасы, сөйлемнің басыңқы компонентімен байланысы толық ашылмады. Бұл «деп» көмекші етістігінің көмекші сөздер қатарына енгенімен, «сөйлеу» лексикалық мағынасының толық жоғалмауымен байланысты. Когнитивті синтаксис ойлау үдерісінің тілде бейнеленуін қарастыратын когнитивті лингвистиканың бір бөлігі болып табылады. Когнитивті синтаксистің басты ерекшелігі ойлау әрекетінің күрделі болмысы мен оны коммуникацияда бейнелейтін тілдік бірліктердің арасындағы байланысқа тән заңдылықтарды ашып модельдеуінде жатыр.Зерттеудің ғылыми–теориялық негіздемелеріне когнитивті лингвистикада қалыптасқан концепт, концептуализация, категоризация, менталды кеңістік, фреймдік семантика категориялары, сөйлемнің семантикалық модельдері — прототиптер туралы теориялар алынды. Зерттеу материалдары Алматы қазақ тілі корпусынан «деп» көмекші етістікті сөйлемдер қатары жинақталып, мағыналық байланыс түрлеріне қарай талданды. «Деп» көмекші етістікті синтаксистік құрылымы таным үдерісінің нәтижесі деп бағаланып, мазмұнына фреймдік–семантикалық талдау жасалды. Фреймдік–семантикалық талдау сөйлемді қалыптастыратын таным үдерістерін реконструкциялауға, сөйлем мазмұнында бейнеленетін білім қорын құрылымдауға көмектеседі. Соның нәтижесінде бірінші рет «деп» көмекші етістікті сөйлемдердің когнитивті модельдері анықталды. «Деп» көмекші етістікті синтаксистік құрылымдардың субъектінің әрекетін тудырған ішкі ниет, мақсатын нақтылайтын бағалаушы фреймдерді бейнелейтіні нақтыланды.