ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМ МЕН БИЛІК ДИАЛОГЫН ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИА

2025

Закрытый доступ Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.52536/2788-5860.2025.85.1.001
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру және трансформациялау міндеті тұр. Бұл зерттеу Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атап көрсетілген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әлеуметтік медианың рөлін қарастырады. Зерттеуде сипаттамалық, аналитикалық және салыстырмалы әдістер қолданылып, мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның өзара әрекет-тесуіндегі әлеуметтік желілердің ерекшеліктері талданады. Сондай-ақ, қайталама деректерді өңдеу әдістері пайдаланылды, оның ішінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының мәліметтері, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ деректері негізінде көрсеткіштер талданды. Әлеуметтік желілер сындарлы диалогтың алаңы ретінде қарастырылады, ал олардың саяси және әлеуметтік әсері зерттеудің негізгі бағытына айналды.