Кәдімгі шырғанақ тұқымынан зарарсыз өскіндерді in vitro жағдайында алу

2025

Полный текст Открытый доступ: Gold Метаданные (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.1(124).1877
Достоверность данных 70 средняя
Как считается эта оценка

Складывается из проверяемых признаков самой записи: есть ли у статьи DOI, сколько независимых источников подтвердили её данные, заполнены ли обязательные поля и насколько свежо последнее подтверждение. Снижают оценку расхождения между источниками и отсутствие идентификатора. Значение от 80 означает, что запись опубликована без дополнительной проверки; от 60 до 79 — что она опубликована с пониженной достоверностью и ручная проверка желательна. Запись, выверенную редактором вручную, пересчёт не опускает ниже 90. Это оценка наших данных о статье, а не оценка самой статьи.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Кәдімгі шырғанақ (Hippophae rhamnoides) қосүйлі жапырақты бұта. Оның жапырақтары мен жидектеріндегі биологиялық қосылыстардың көптігіне байланысты бұл өсімдік қазіргі уақытта адамдар мен жануарлардың денсаулығын сақтауда қолданылатын өсімдік ретінде танымал. Жұмыстың мақсаты шырғанақ эксплантарын in vitro жағдайына енгізу, зарарсыздандыру режимдері мен қоректік орта құрамын таңдау болып табылады. Зерттеу материалы ретінде шырғанақтың тұқымдары пайдаланылды. Материалдар мен әдістер. Зарарсыздандыру үшін әртүрлі антисептиктер қолданылды: этанол, сынап (ІІ) хлориді, сутегінің асқын тотығы және натрий гипохлориді. Зарарсыздандыру уақыты әр антисептик үшін эксперименталды түрде таңдалып алынды. Зарарсыз өскіндерді өсіру үшін әртүрлі өсу реттегіштері қолданылды. Фенолды қосылыстардың бөлінуін тежеу үшін антиоксидант ретінде белсендірілген көмір қолданылды. Нәтижелер. Зарарсыз және өміршең экспланттарының ең жоғарғы пайызы (83,3%) 0,1% сынап (ІІ) хлориді ерітіндісімен зарарсыздандыру нұсқасында алынды. Өсу деңгейі сорттардың түріне және қоректік орта құрамына байланысты болды. Ш-9-81(4-5) сортының максималды өскін ұзындығы (4,0 см) құрамында 1,0 мг/л BAР, 5,0 мг/л IAA және 2 г/л белсендірілген көмір қосылған ортада болатыны анықталды. Қорытынды. Hippophae rhamnoides өскіндердің пролиферациясы үшін ең тиімді орта ретінде құрамына 1,0 мг/л BAP, 5,0 IAA және 2,0 г/л белсендірілген көмір қосылған орта екені анықталды, ең жоғарғы нәтиже Ш-9 81(4-5) сортында байқалды, максималды өскін ұзындығы 4,0 см құрады.