Аннотация
Мақалада адвокаттың қылмыстық және азаматтық процеске қатысуының тиімділігіне әсер етуі мүмкін мәселелер айтылады. Азаматтардың сапалы және білікті заң көмегін алу құқығын іске асыру мақсатында құқық қорғау органы ретінде адвокатураның рөлі мен маңыздылығы сөз болады. Сонымен бірге, қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізудегі адвокаттық қызметтің теориялық аспектілерімен айырмашылықтары, сондай-ақ оны іс жүзінде жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің әртүрлі түрлеріндегі адвокаттың іс жүргізу айырмашылығын зерттеу және түсінуге назар аударылады. Адвокаттың қылмыстық және азаматтық процестерге қатысуының негізгі белгілерін, сипаттамаларын, ерекшеліктерін анықтау арқылы қылыс сот ісін жүргізудің әртүрлі түрлерінде адвокаттың іс жүргізу жағдайының арақатынасын теориялық салыстыру және белгілеудің практикадағы арақатынасы да мақалада тілге тиек етіледі.